Онлайн запись
город Кызылорда, ул. Шукурова З., 7а
телефон: +7 (7242) 23-55-17
телефон доверия: +7 (7242) 23-55-48
kz ru

ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Тері ауруларының алдын алу шаралары жүргізілуде

Балаларда жиі кездесетін бірқатар ауру түрлері бар. Олардың алдын алу шаралары оларды жұқтырмауға, ал уақтылы емдеу асқынулар мен ауыр салдарынан қашуға көмектеседі. «Балалар жиі ауырады» - деген сөзді көптеген ата-аналардан естиміз. Шынымен де солай ма?
Бұл міндетті түрде өзекті болатындай қатып қалған қағида емес, сіз үшін, егер сәби шағынан өз балаңыздың денсаулығына дұрыс көңіл бөлген болсаңыз, әрқашан алдын алу шараларының бәрін орындаңыз және ауруын дер кезінде емдеуге тырысыңыз.
Дегенмен, балабақшаларда балалар саны өте көп және сырқаттанған бала екінші, үшінші және с.с. балаларға жұқтыру мүмкіндігі жоғары. Сондықтан қандай аурулардың жиі кездесетінін білу керек, егер аурудан қашып құтыла алмаған жағдайда не істеу керектігін білу қажет.
Облыстық тері-венерология диспансері мамандырының күнделікті жұмысы түрлі жұқпалы, инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын насихаттаумен басталады. Жұқпалы аурулар адамзатқа ерте заманнан белгілі. Дүние жүзі халықтарында жұқпалы аурулар әртүрлі атаумен аталғаны белгілі, бірақ солардың барлығында да жұқпалы аурулардың негізгі ерекшелігі көрсетілді, кең және тез таралуы, жоғары өлім-жітімділігі. Қазіргі заманда барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, жалпы халықтың сырқаттануында жұқпалы патологияның орны ерекше, орта есеппен барлық аурулардың 70% негізі инфекцияларға байланысты. Адам ағзасының иммунитетіне де тікелей байланысты болады. Дұрыс тамақтану, дене шынығуымен айналысу ең басты қағидалардың біріне айналу қажеттілігі, сонымен қатар, ем алушыларға , дене тазалығы, салауатты өмір салты, аурудың алдын алу шаралары насихатталып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
  • Ваше имя*:

  • E-Mail*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *: